Экофуцин® AVVA

Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг
Натамицин

Экофуцин® – пребиотикпен кандидозға қарсы зеңге қарсы препарат. Инфекция ошағында бағытталған жергілікті әсер етеді: ол кандидоз қоздырғышына әсер етеді және қынаптың микрофлорасын қалпына келтіруге ықпал ете отырып, өзінің лактобактерияларының өсуін ынталандырады.

  • Жүктіліктің бірінші күнінен бастап қолдануға рұқсат етіледі
  • Қынаптың микрофлорасын қалпына келтіреді
  • Күніне 1 рет қолданылады
Фармакотерапиялық тобы
Қолданылуы
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Қосымша мәліметтер
Өндіруші туралы мәліметтер

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда. Бактерияға қарсы препараттар. Натамицин.
АТХ коды: G01AA02

Қолданылуы

  • вагиниттерде, вульвиттерде, негізінен Candidа тектес зеңдерден туындаған вульвовагиниттерде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Дәрілік затты қолдануға болмайтын жағдайлар
  • натамицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Экофуцин® AVVA, қынаптық суппозиторийлер дәрілік препаратын қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары қажет етілмейді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесулері сипатталмаған.
Пероксидтер, перманганат, йод, гипохлориттер және т.б. сияқты тотықтырғыш қасиеттері бар заттар натамициннің белсенділігін жоюы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар
Қынаптық аппликация кезінде суппозиторийлер дене температурасының әсерімен көбікті массаға айналады, бұл натамициннің қынаптың шырышты қабығы бойымен біркелкі таралуына ықпал етеді.
Емделу кезеңінде жыныстық қатынастардан тартынудың қажеті жоқ, алайда жыныстық серіктестер тексеруден өтуі тиіс және кандидозды зақымдану анықталған жағдайда натамицинмен емделу курсын өту қажет.
Емделу кезеңінде бөгеттік контрацепция әдістерін қолдану керек болады.

Педиатрияда қолдану
Натамициннің бұл дәрілік түрін балаларға қолданбайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдер мен лактация кезеңінде препарат мұқият қарастырылғаннан кейін ғана тағайындалуы керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Натамицинді қолдану көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі
Кандидоздық вагиниттер, вульвиттер, вульвовагиниттер кезінде: 3−6 күн бойы қынап ішіне бір суппозиторийден.

Енгізу әдісі мен жолы
Суппозиторийлерді пішінді ұяшықты қаптамадан алдын ала босатып алып, жатқан қалыпта, қынапқа таза қолмен, барынша тереңірек енгізеді.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Экофуцин® AVVA дәрілік препаратын қолдану жиілігі түнге, тәулігіне 1 ретті құрайды.

Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы әркімге жеке түрде тағайындалады. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін емдеуді тағы бірнеше күн жалғастыру ұсынылады. Етеккір кезінде суппозиторийлерді қолдануда үзіліс жасалады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау керек болатын шаралар
Ұзақ артық дозаланғанда теріде де, шырышты қабықтарда да аллергиялық реакциялар байқалмады, ал жүйелік әсерлердің пайда болуы жоққа шығарылды дерлік.
Қынаптық суппозиторийлерді, тіпті қаптаманың барлық ішіндегісін кездейсоқ жұтқан кезде уытты әсерлер күтілмейді, өйткені әсер етуші зат асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жадайда қажетті шаралар
Экофуцин® AVVA дәрілік препаратының бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда арнайы шаралар қабылдау талап етілмейді.
Өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін, дәрілік препарат суппозиторийлерінің санын өз бетіңізше арттырмаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығы туралы нұсқау
Экофуцин® AVVA дәрілік препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін препараттың қандай-да бір тоқтату симптомдарының дамуы күтілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000):
- шырышты қабықтың аздап тітіркенуі, сыртқы жыныс мүшелерінің күйдіріп-ашыту сезімі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат − натамицин (100 % затқа шаққанда), 100.0 мг;
қосымша заттар: лактулоза, макрогол глицерилгидроксистеараты,коллоидты кремнийдің қостотығы, қатты май.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Торпеда тәрізді пішінді, ақ дерлік түстен ашық-қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Ақ түсті теңбілдердің болуына жол беріледі. Ауа өзегі немесе шұңғы тәрізді ойықтары болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы
3 суппозиторийден ПВХ/ПЭ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«АВВА РУС» АҚ, Ресей
Киров обл., Киров қ., Луганская к-сі, 53А үй
Тел.: +7 (8332) 25-12-29; + 7 (495) 956-75-54
info@avva-rus.ru
avva.com.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
АВВА Фармасьютикалс Лтд.        
Мекенжайы: 23А Спиру Киприану, 4001 Меса Гейтония, Лимассол, Кипр.    
+357 25 572 200 
info@avvapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«AVVA Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050008, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 109В үй, 501 т. е.
Тел.: +7 (727) 355-11-27
drug.safety@avva-rus.ru