Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: гидролизді лигнин (құрғақ затқа шаққанда), 355.0 мг, лактулоза (100% затқа шаққанда), 120.0 мг.
қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ-сұр түсті теңбілдері бар, қою қоңыр түсті, сызығы бар екі жақ беті дөңес капсула пішінді таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Өндіруші туралы мәліметтер
«АВВА РУС» АҚ, Ресей
610044, Киров обл., Киров қ., Луганская к-сі, 53А үй
Тел.: +7 (8332) 25-12-29; + 7 (495) 956-75-54
avva.com.ru
lactofiltrum.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
АВВА Фармасьютикалс Лтд.
Мекенжайы: 23А Спиру Киприану, 4001 Меса Гейтония, Лимассол, Кипр.
+357 25 572 200
info@avvapharma.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«AVVA Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050008, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 109В үй, 501 т. е.,
Тел.: +7 (727) 355-11-27
drug.safety@avva-rus.ru