Фильтрум

Өнім бетіне өтіңіз


Таблеткалар, 400 мг
Гидролизді лигнин

Фильтрум® – бүкіл отбасы үшін әр таблеткадағы миллиондаған қуыстықтардың арқасында сорбенттің күшті әсері. Препараттың күшті әсері белсенді заттың (лигниннің) бірегей құрылымымен қамтамасыз етіледі: губка сияқты миллиондаған қуыстықтар әртүрлі салмақтағы және мөлшердегі зиянды заттарды сіңіреді.

  • Зиянды заттарды сіңіру қабілеті жоғары
  • Дәмсіз, иіссіз, бояусыз
  • Қосымша дайындықты қажет етпейді
Фармакотерапиялық тобы
Қолданылуы
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Қосымша мәліметтер
Өндіруші туралы мәліметтер

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішекке арналған қабынуға қарсы / микробқа қарсы препараттары. Ішек адсорбенттері. Басқа да ішек адсорбенттері.
АТХ коды А07ВС

Қолданылуы

Ересектер мен балаларда әртүрлі экзогенді және эндогенді интоксикацияларда уытсыздандыру құралы ретінде:

  • дәрілік препараттармен, алкалоидтармен, ауыр металдардың тұздарымен, алкогольмен және басқа да улармен жедел уланулар
  • тағамдық токсикоинфекцияларды, сальмонеллезді, дизентерияны, диспепсияны кешенді емдеу
  • айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-қабыну аурулары
  • гипербилирубинемия және гиперазотемия (бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі)
  • тағамдық және дәрілік аллергия
  • зиянды өндірістің жұмыскерлеріндегі созылмалы уыттанулардың профилактикасы

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • гидролиздік лигнинге немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде санамаланған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық»
  • асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасының өршуі кезінде препаратты қолдану қаланбайды
  • ішек атониясы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Фильтрум дәрілік препаратын қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кейбір ішке қабылданатын препараттарды бір мезгілде қолданғанда, олардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер
Препараттың бөлек қабылданатын ережесін сақтаған кезде басқа дәрілік препараттармен біріктіріп кешенді ем түрінде қолдануға болады.

Педиатрияда қолдану
Әртүрлі жас тобындағы балаларға арналған Фильтрум дәрілік препаратының дозалары осы қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінде толық сипатталған.

Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануда ешқандай шектеулер жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі
Препараттың дозасы жасына, дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты, орташа бір реттік доза 1 жасқа дейінгі балалар үшін – ½ таблетка; 1-3 жас – ½–1 таблетка; 4-7 жас – 1 таблетка; 7-12 жас – 1-2 таблетка; ересектер үшін – 2-3 таблетка.
Қажеттілігі болғанда, дәрігердің ұсынысы бойынша тәуліктік дозаны 20-30 г дейін арттыруға болады.

Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, жақсырақ алдын-ала ұнтақталғаннан кейін, сумен ішу керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препарат күніне 3-4 рет қабылданады. Дәрі-дәрмекті тамақтанудан және басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаудан бір сағат бұрын қабылдау ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдайларда емдеу ұзақтығы 3-5 күн, аллергиялық аурулар мен созылмалы уыттану кезінде 14-21 күнге дейін.
Дәрігердің ұсынысы бойынша 2 аптадан кейін қайта емдеу курстары.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Қазіргі уақытта Фильтрум дәрілік препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Артық дозаланудың ерекше симптомдары сипатталмаған. Фильтрум дәрілік препаратымен артық дозалануына күдік туындаған кезде шұғыл көмектің стандартты шаралары ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Бір немесе бірнеше дозаны өткізіп алған кезде арнайы шаралар қажет емес.
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін пациентке препараттың қос дозасын өз бетінше қабылдауға болмайды.
Препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаған кезде пациентке емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Фильтрум дәрілік препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін препаратты тоқтатудың қандай да бір симптомдарының дамуы күтілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Фильтрум дәрілік препаратын қолдану тәсілі бойынша ұсынымдар қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінде толық сипатталған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Сирек
  • аллергиялық реакциялар
  • іш қату
  • дәрумендердің, кальцийдің сіңірілуінің бұзылуы*
* Ұзақ қолдану дәрумендердің, кальцийдің сіңуінің бұзылуына әкелуі мүмкін, осыған байланысты мультивитаминдер мен кальций препараттарын профилактикалық қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат- гидролизді лигнин – (100% затқа шаққанда) - 400.00 мг;
қосымша заттар: повидон К-17 (поливинилпирролидон), тальк, кальций стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозы, микрокристалды целлюлоза.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күңгірт-қоңыр түсті, сұрдан қоңыр түске дейінгі теңбілдерімен, сызығы бар, капсула тәрізді екі жағы дөңес таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспа алюминий фольгадан пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары
Түпнұсқа қаптамада (қорапшада) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«АВВА РУС» АҚ, Ресей
610044, Киров облысы, Киров қ-сы, Луганская к-сі, 53А үй
Тел.: +7 (8332) 25-12-29; + 7 (495) 956-75-54
avva.com.ru
filtrum.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
АВВА Фармасьютикалс Лтд.        
Мекенжайы: 23А Спиру Киприану, 4001 Меса Гейтония, Лимассол, Кипр.    
+357 25 572 200 
info@avvapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«AVVA Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050008, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абай даңғ., 109В үй, 501 т.е.
Тел.: +7 (727) 355-11-27
drug.safety@avva-rus.ru